Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек/Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев: Как прогрессивная нация мы должны смотреть только вперед! » КГУ "Общеобразовательная школа №106"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№106 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 397-27-58
Есепші:
+7(727) 397-28-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек/Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев: Как прогрессивная нация мы должны смотреть только вперед!
03
қаңтар
2024

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек/Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев: Как прогрессивная нация мы должны смотреть только вперед!

2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз негізгі саяси реформаларды аяқтап қалдық. Конституциялық Сот жұмысын бастады. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды. Алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайладық. Ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жалғасты. Былтыр 700-ге жуық ауыл әкімі сайланды.
Біз әділ және бәсекелі экономика жүйесін құруға кірістік. Экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту жұмыстарымен мықтап айналыстық. Әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелер біртіндеп шешіле бастады. Еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары, оның ішінде, «жайлы мектептер» бой көтеруде. Ауылдарда денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр. Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға кешенді түрде қол­дау көрсету үшін Әлеуметтік кодекс қабылданды. Зиянды еңбек жағ­дайында жұмыс істейтін азамат­тар үшін арнайы төлемақы енгі­зіл­ді. Табиғатты қорғауға жауапты ме­ке­мелердің қызметкерлеріне олар­дың өмірі мен денсаулығына төне­тін қауіп-қатерге қатысты үстеме­ақы төленетін болды. Медицина қыз­мет­керлерінің, мектепте, колледж­де және балабақшада жұмыс істейтін педагогтердің жалақысы өсті. Ұлттық қордан балаларға қаржы беру мәселесін реттейтін заң күшіне енді. Негізгі экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде инфляция деңгейін ескере отырып ең төменгі жалақыны анықтайтын әдістеме қабылданды.
Осы жұмыстың бәрі 2024 жылы да жалғасады. Біз тиянақты және жоспарлы әрекет жасаймыз, мақсатқа жету үшін үздіксіз алға ұмтыламыз. Бұл – айрықша маңызды жыл болмақ. Өйткені осы кезең еліміздің алдағы бес жылдағы дамуына негіз болады.


2023 год выдался для нашей страны насыщенным на значимые события. Мы подошли к завершению основных политических реформ. Начал работу Конституционный Суд. По новым правилам прошли выборы депутатов Мажилиса и маслихатов всех уровней. Впервые состоялись выборы акимов районов и городов областного значения. Продолжилось проведение выборов глав сел и городов районного значения, по итогам которых в прошлом году были избраны около 700 сельских акимов.
Мы приступили к построению справедливой и конкурентной экономической системы. Занялись вопросами диверсификации и демонополизации экономики, обновления инфраструктуры, поддержки бизнеса и привлечения инвестиций.
Последовательно решались наболевшие вопросы социальной сферы. По всей стране началось строительство школ, в том числе «комфортных школ», в селах возводятся медицинские объекты. Внедрен Социальный кодекс, нацеленный на комплексную поддержку уязвимых категорий граждан. Утверждена специальная выплата лицам, занятым во вредных условиях труда. Установлена доплата сотрудникам природоохранных служб за риски для жизни и здоровья. Повышены зарплаты медицинских работников, педагогов школ, колледжей, детских садов. Принят закон, регулирующий отчисления детям из Национального фонда. Принята новая методика определения минимальной заработной платы, учитывающая ключевые экономические показатели, в том числе уровень инфляции.
Вся эта работа будет наполняться новым содержанием в 2024 году. Мы будем действовать скрупулезно и планомерно, неуклонно двигаясь к намеченным целям. Этот год особенно важен, поскольку он закладывает фундамент ближайшего пятилетнего цикла развития страны.

https://egemen.kz/article/355466-qasym-zhomart-toqaev-biz-ozyq-oyly-ult-retinde-tek-qana-algha-qarauymyz-kerek?fbclid=IwAR2tAXOiSOerJfB2ecUi7iusxcHNrl2NmhvmbhEbVR_H7ElwH9Hx6lBuBzQ_aem_AaF-f2Y7bwzOz_UhrKjc8blZpBR1uRjrmjhcdQ4f9yhnwe8NP0HPG2VkU14WfXmNByk  

https://kazpravda.kz/n/prezident-respubliki-kazahstan-kasym-zhomart-tokaev-kak-progressivnaya-natsiya-my-dolzhny-smotret-tolko-vpered/