Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген «Адал ұстаз» атты мұғалімдерге арналған қалалық конкурсының аудандық байқауы ЖББ №106 мектепте өтті. » КГУ "Общеобразовательная школа №106"Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№106 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау:
+7(727) 397-27-58
Есепші:
+7(727) 397-28-87
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген «Адал ұстаз» атты мұғалімдерге арналған қалалық конкурсының аудандық байқауы ЖББ №106 мектепте өтті.
21
қараша
2022

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген «Адал ұстаз» атты мұғалімдерге арналған қалалық конкурсының аудандық байқауы ЖББ №106 мектепте өтті.


 Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген «Адал ұстаз» атты мұғалімдерге арналған қалалық конкурсының аудандық байқауы ЖББ №106 мектепте өтті.

Конкурстың басты шарттарының бірі – педагогтердің озық идеяларымен, тәжірибесімен, шығармашылығындағы жетістіктерімен бөлісу, сонымен қатар мұғалім қызметінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының орындалуы және лаңкестік пен экстремизмге қарсы іс-қимылдың өзектілігін айқындау.

Конкурстың мақсаты - кәсіби құзыреттілігі жоғары, талантты, шығармашыл педагогтерді анықтау, оларға қолдау көрсету, сонымен қатар педагогтердің сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі үшін оған қарсы көзқарасты қалыптастыру. 

«Адал ұстаз» конкурсының  қазылар алқасы құрамында АҚЖКО "Ұстаз" Түрксіб аудандық филиалының төрағасы Бакторазова Бижамал Зейноллаевна, Түрксіб білім бөлімінің әдіскері Мухамадиева Рауфа Хусаиновна, Сапар Байжанов атындағы  №162 мектеп-гимназиясының директоры Сайдикеева Сауле Ильясовна, ЖББ № 50мектеп директоры Отелбаева Гаухар Аскербаевна, №78 мектеп гимназиясының директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары Карпович Наталия Васильевна, Сапар Байжанов атындағы  №162 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бектұрғанова Нұргүл Әбдінағымқызы, ЖББ №84 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Исламова Айгерім Токтаржановна  болып, шараның өтуіне өз үлестерін қосты. 

Адал ұстаз конкурсына ауданның 11 мұғалімі қатысты.

Конкурс нәтижесі бойынша келесі педагогтер жеңімпаз атанды:
 I орын - Нысанова Ж. С. (№198 ЖББМ);
 II орын - Жабаева К.М (№59 МГ) және Мурадилова З.Н.  (№106 ЖББМ);
 III орын - Таліпов А .Н (ЖББ №49), Ажибаева Б.С (№85 ЖББМ), Қасымбай  М.С (№162 МГ) иеленді.