31
наурыз
2023
TopIQ платформасы
Бүгін Алматы қаласының №106 ЖББ мектепте TopIQ платформасын пайдалана отырып, тамаша ашық сабақ өткізілді. Мұғалім Иембердиева Жұлдыз Мұхаметқалиқызы дәстүрлі тапсырмалармен қатар "Қазақ тілі 4сынып" электронды оқулығындағы қызықты интерактивті тапсырмаларды қолданудағы шеберлігінің арқасында сабақ қызықты өтті және балалардың барлық тапсырмаларға белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.Сабақ барысында . TopIQ платформасындағы электронды оқулықта мұғалімге дайын аудио және бейне және интерактивті тапсырмаларды қолдануға көмектеседі, бұл мұғалімнің уақытын үнемдейді және заманауи цифрлық тапсырмалар балаларға қызықты! Сабаққа қатысқан түрлі пәндердің мұғалімдері және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің пікірінше, сабақ өте қызықты өтті және олар TopIQ электронды оқулықтарын пайдалана отырып, өз сабақтарында да осындай шеберлік сыныптарын көрсетуге ниет білдірді.








